Skip to content

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні қарсаңында мектебімізде білім…

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні қарсаңында мектебімізде білім саласының ардагері, мектепті 15 жыл басқарған Төлеген Мақсым Сәлемханұлына мемориалдық тақта орнатылды.

Мақсым Сәлемханұлы №2 мектепте 1992 жылдан 2006 жылға дейін 15 жыл директор қызметін атқарды. Ол өзін шебер ұйымдастырушы, іскер маман, білікті басшы ретінде көрсетіп, ұжымдастар арасында аса беделді болды.

1996 жылы Қазақстан Республикасының Білім Министірлігінің Құрмет грамотасымен, 2004 жылы ерен еңбегі үшін облыстық Білім департаментінің Кұрмет грамотасымен, 2010 жылы ҚР Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 10 жылдық мерекелік медалімен марапатталды.

Тақтаның ашылу салтанатына аудандық мәслихат төрағасы Берік Біләлов, Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Сара Ноғаева, Чапай Абилов бастаған аудан ақсақалдары мен ұстаздар қатысып, жылы лебізін білдірді.

Шараға келген Мақсым Сәлемханұлының туыстары да алғысы мен ризалығын білдірді.

Аталған шараның мақсаты – ұрпаққа өнеге қалдырған ұлы тұлғаларды ұмытпай, олардың адал еңбегі мен елге қызметін насихаттау.

@munaily_bilim
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
@munaily_adistemelik
@munaily_akimdigi

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *