1 маусым-балаларды қорғау күніне орай мектебіміздегі бастауыш сынып оқушыларынан құралған "Балдәурен" домбырашылар тобы өз өнерлерін ортаға салды. Өнерлі топтың құрылғанына аз уақыт өтсе де балдырғандар домбыраны жақсы меңгеріп,үш-төрт күйді күмбірлете орындайды. Балалардың өнерге деген қызығушылығы өте жоғары."Балдырған"домбырашылар тобына алдағы уақытта үлкен шығармашылық табыс тілейміз. "Өнерлерің өрге жүзсін" деген игі тілекпен топтың жетекшісі Бекбауова Жаңыл Садақбайқызы.
