10.10-15.10.22ж аралығында 2-сыныптар бірлестігінің апталығы аясында ашық сабақтар және мәдени шаралар өткізілді. Атап айтқанда Абдикадирова А мен Керекбаева Г қазақ тілі және әдебиеттік оқу сабақтарын ұлттық құндылықтарды дәріптей отырып өткізсе, математикадан өткізген Чакаева Ж сабағы есептеудің қыр-сырларымен байланыстырылды. Жаратылыстанудан Қайрходжаева Б жаңа-әдіс тәсілдерді тиімді пайдаланып, оқушы қызығушылығын арттыра білді. Майталман ұстаздар Малбасова Н, Темірбаева Б, Абдикадирова Г өз сабақтарында оқушы шығармашылығымен жұмыс жасады. Апталық өзара іс-тәжірибе алмасу алаңына айналды.
