12 сәуір күні қазақтың біртуар перзенті Қаныш Сәтбаев дүниеге келген.
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев, шын есімі – Ғабдулғани — геолог-ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик.
Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, Кеңес Одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, қазақтан шыққан тұңғыш академик. 1999 жыл — ЮНЕСКО-мен Қаныш Сатпаев жылы деп аталды. Ол өзінен кейін үш үлкен іс қалдырды; біріншісі – Жезқазған, екіншісі – Қазақстан Ғылым Академиясы, үшіншісі – геологиялық ғылымдарының институты. Осы жерлердің бәрінде қазақ халқының қадірлі ұлының, ғылым, геолог Қ.И.Сатпаевтың ісін жалғастыратын жүз шақты адамдар тұрып, жұмыс істейді. Жылдар өтеді, жаңа ғалымдар болады, бірақ Қазақ Ғылым Академиясының бірінші жетекшісі туралы игі естелік көпке сақталады. Сонымен қатар, бүгін – бүкіләлемдік авиация және космонавтика күні. Бұл мейрам – КСРО Жоғарғы кеңесі төралқасының 1961 жылдың 9 сәуіріндегі жарлығымен адамзаттың ең алғаш ғарышқа ұшқан күнімен байланысты. Тұңғыш ғарышкер, ұшқыш Юрий Гагарин ғарышқа Қазақстандағы "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ұшқан.
12 сәуір – Қазақстандағы ғылым қызметкерлерінің күні. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2011 жылдың 20 қазанындағы №164 жарлығымен бекітіліп, 2012 жылдан бастап мерекелене бастады.
@munaily_bilim
@mangystau_education
@tashovmadi
# ұланынаұранболғанмеңтебім