Skip to content

18.10.2024 жылы мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығы аясында…

18.10.2024 жылы мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығы аясында жоспарға сәйкес, Мұқағали Мақатаевтың өмір мен шығармашылығына арналған «Бақыт деген не өзі?» атты әдеби-сазды поэзиялық кеш өтті. Кештің мақсаты- ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру; М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелей отырып, поэзия әлемінің сырын ашу.
Кеш барысында ақынның «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы сахналанып, ақынның өмірі туралы видеолар көрсетіліп, алтын қорда сақталған Мұқағалидың өз даусымен өлеңдері тыңдатылды. Сондай –ақ, ақынның өлеңдері оқылып, әндер шырқалды. Көрермендер поэзия әлеміне сапар шегіп, кештен рухани дамып, демалып қайтты.
@munaily_bilim #
@munaily_adistemelik

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *