Skip to content

1992 жылы дәл осы 4 маусым күні Қазақстанның мемлекеттік рәміздері…

1992 жылы дәл осы 4 маусым күні Қазақстанның мемлекеттік рәміздері – Ту, Елтаңба және Гимн бекітілді. Тәуелсіз елдің дәл осы атрибуттары мемлекеттің бірегейлігі мен егемендігін бейнелейді. Ата-бабамыздың аңсап кеткен арманы мен азаттық идеяларын бойына сіңірген тәуелсіздігіміздің осы үш нышаны қазақстандықтарға рух береді.

Отанымыздың рәміздерін құрметтеу және қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы.

Бейбіт аспанымызда тәуелсіздіктің көк туы желбіреп, елтаңбамыз айбынымызды асырып, Гимніміз Ұлы даланың еркіндік үнін жеткізе берсін. Бүгінгі түлектеріміз үшін де ерекше күн, Қазақстан тарихы пәнінен мемлекеттік емтиханды Гимн орындаумен бастады.

Мереке құтты болсын!

#рәміздеркүні
#4маусыммемлекеттікрәміздеркүні🇰🇿

@munaily_bilim
@munaily_adistemelik

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *