“№2 жалпы білім беретін мектепі” КММ-де алғаш рет ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың бірінші кезеңінің ашылу салтанаты өтті. Жалпы олимпиадаға қатысушылар саны 44.
📌Олимпиаданың мақсаты- Қазақстан Республикасының ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарындылығы мен қабілеттерін анықтау және қолдау. 📌Олимпиаданың міндеттері: ✅ ауылдық мектептері оқушыларының теориялық білімі мен практикалық дағдыларын тереңдету; ✅ауылдық білім беру ұйымдардағы дарынды балаларды анықтау үшін жағдайлар жасау. Олимпиада үш кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең (бастапқы)-қараша айы, екінші (іріктеу)-желтоқсан айы, үшінші (республикалық) – ағымдағы оқу жылының қаңтар айы. Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада пәндерінің тізбесі. Жаратылыстану-математикалық бағыт: Математика, Физика, Химия, Биология, Информатика, География.Қоғамдық-гуманитарлық: Қазақ тілі мен әдебиеті, Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, Қазақстан тарихы, Құқық негіздері, Ағылшын тілі.
Оқушыларымызға сәттілік!
#auyl.daryn
@rspc_daryn
@caspiandaryn
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
@munaily_bilim