№2 жалпы білім беретін мектептің 9-11 сынып оқушыларымен 05994 әскери бөлімінің Жауынгерлік және дене даярлығы жөніндегі нұсқаушы Старшинасы Е.М.Буралхиев, Бөлім сержанты және дене даярлығы жөніндегі нұсқаушы Аға сержанты Е.С.Тулешов және “Jas Otan” ЖҚ Маңғыстау облыстық филиалы Г. С. Шамқұлова әскери мамандықтарды таңдауға, бағыт бағдар беруге кездесу өткізді. Кездесу барысында ҚР ҚМ "Кеңес одағының батыры, халық қаһарманы, армия генералы С. Нұрмағамбетов атындағы әскери колледж" РММ-не және Щучинск каласы кадет корпусы жайлы видеоролик көрсетіп, қалай оқуға түсуге болатыны туралы айтып түсіндірді. Жастарға әскерге баруға және оның маңызын айтып өтті. Мектеп директорлары, "Сардар" Тәжік-Ауған шекарасындағы бітімгершілік күштері мен әскери қақтығыстарына қатысқан ардагерлерінің одағы" Маңғыстау облыстық ҚБ-нің мүшесі, "Аманат" партиясы Мұнайлы аудандық филиалының мүшесі М. Қ.Ташов мырза қонақтарды таныстырып, Отанды қорғау – әр азаматтың парызы екенін оқушыларға түсіндірді
@munaily_bilim
@mangystau_education
@munaily_adistemelik
@tashovmadi
#2022балаларжылы👭👬
#ұланынаұранболғанмектебім
