"№2 жалпы білім білім беретін мектеп" КММ "Өмірге" Иә" деп айт!" тақырыбында өткізілген апталықтың жабылу. 06.02-10.02.2023 ж аралығында іс-шара жоспары жасақталып, апталықтың ашылуы өткізілді. Ата-аналар мен оқушыларға арналған "Сенім телефоны" мен " Сенім жәшігі" туралы ақпараттық жұмыстар жүргізілді. " Жүрек жақсылыққа ашылады" тақырыбында қайырымдылық жәрмеңкесі және 7 сынып оқушылардың қатысуымен тимбилдинг ұйымдастырылды. 5 сынып оқушылардың қатысуымен "Өмір тамаша! Біз өмірді таңдаймыз!" тақырыбында спорттық сайыс ұйымдастырылды. 11 сынып оқушылары мен ата-аналарына психологиялық кеңес беру мақсатында кездесу кеші ұйымдастырылып, апталық өз мәресіне жетті.
