Skip to content

21.11.2025ж Мұнайлы ауданында Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 100…

21.11.2025ж Мұнайлы ауданында Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған 9-11 сынып мектеп оқушылары (қыздар) арасында пневматикалық мылтық атудан сайыс өтті. Аталған сайысқа оқушыларымызды алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні оқытушы-ұйымдастырушысы Бекжанов Бахытжан бастап алып барды.
Сайыста мектебіміздің 10 “А” сынып оқушысы Исенбаева Арайлым мен 11 “Б” сынып оқушысы Марат Айназ жекелей жарыста 3 орынға ие болса, 11Ә сынып оқушысы Айтжан Гүлнұр осы сайыстағы шалқалап дене көтеру жарысы бойынша да осы жетістікке қол жеткізді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *