24.04.2024 ж.күні №2 мектепте аудандық оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес,”Ой-сана” жобасы негізінде “Грамматика мен тіл дамыту жұмыстарына үйретудің әдіс-тәсілдері “ тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған аудандық семинар -практикум өтті.
Мақсаты:бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру,қосымша демалыс күндерін тиімді пайдалана отырып,1- сынып оқушыларының бойында оқылым,жазылым,тыңдалым,айтылым дағдыларын қалыптастырудың жолдарын меңгерту.
Осыған орай мұғалім алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды, тілдерді меңгеру, оларды тиімді қолдану міндеті тұр.
Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша 1 сынып мұғалімдері оқытудың заманауи тиімді әдіс -тәсілдерін қолданып практикум сабақтарын көрсетті.
📚”Математика сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту “ тақырыбында Бармухамбетова Сагира мен Исмаева Оксана жаңа платформаларды қолдану арқылы шеберлік сабағын көрсетті.
📚 “Сабақта жаңа-әдіс тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру” тақырыбында Бисенбаева Алия түрлі тәжірибелер,әдіс тәсілдер қолданып өткізді.
📚” Ана тілі пәнін оқытуда оқушылардың оқу танымдық қызығушылығын арттырудағы “әдіс тәсілдер“ тақырыбында Жайнаузова Эльвира қызықты ,керемет, тиімді әдіс тәсілдерді қолданып шеберлік сабағын көрсетті.
Семинарды оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Машанова Айнаш Орынбасаровнаның қолдауымен өз дәрежесінде өтті.
Аудандық семинарды №2 мектептің бастауыш сынып оқу ісінің меңгерушісі Улыкпанова Нұрсауле Беккалиевна бастаған ұжымның арқасында жоғарғы деңгейде өтті.