Skip to content

25.09.2023 ж Қыздардың тәртібі мен тәрбиесі туралы мәселелері. Профилактикалық жұмыс…

25.09.2023 ж Қыздардың тәртібі мен тәрбиесі туралы мәселелері. Профилактикалық жұмыс 10-11 сынып қыздары арасында жүргізілді. Мектептің ішкі тәртібі бойынша шашты жинақы ұстау, өсіп кеткен тырнақты алып жүру, мектеп формасын сақтау оқушының міндеті. Сабақтан кешікпеуді, тазалық сақтап жүруін айтты. Қыздардың тәртібіне аса қатты мән беру керек. Тәрбие бесіктен демекші. Қыздар біздің қызымыз, апамыз, болашақ ана, әже, болашақ ұрпаққа тәрбие беретін асыл адамдар. «Қыз ұяты шешеге» тақырыбында қыздарға толық ақпарат берілді. Сонымен қатар «Қызға қырық үйден тыйым» яғни, үлкен адамға қарсы сөйлеме, ұят жерлеріңді ашып жүрмеуге, түске дейін ұйықтамауға, біреуді кінәлап, айыптамауға, түнде жалғыз қыдырмауға т.б. қыздарға ақыл кеңес берілді. ДТЖО: Сугирбаева А. Муринова А.Т.
АПБ ЖПҚ ЮПТ инспекторы полиция капитаны Н.Тәжібаева, полиция лейтенанты А.Керимкулыева
Тәлімгер: Ахметова Б.Б
Мектеп педагог-психологы Токпакова А

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *