27.02.2023ж Тарих, құқық пәндер апталығының "Алаш мұрасы – ұрпаққа аманат" тақырыбында ашылуы өтті. Жастайынан Алашты оқып, Алаштықтардың тағдырын жеті атасындай біліп өскен баланың ой өрісі бөлек, танымы кең, мінезі ұстамды, ерік -жігері мықты, сауатты болары хақ. Неге? Себебі бір Əлихан атамыздың ғұмыры, еңбектері өмірлік үлгі болуға тұрарлық. Сондықтан да, жастарымызда ҰЛТТЫҚ РУХ болуы үшін Алашқа етене жақын болуы керек. Сонда ғана оң нəтижесі болады. Болашақ ұрпақ үшін, жастар үшін Əлихан Нұрмұхамедұлының "Жастар! Жұртшылдар! Өз бетіңмен іске кіріс!" – дейтін сөзі ұранға айналуы қажет.
