30.09.2025 ж күні педагог – психолог Г.Сисенбаева "Кімнен қандай ақыл – кеңес алуға және көмек сұрауға болады" тақырыбында 8 және 11 сынып оқушыларына дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушылар өмірлік қиын жағдайларда кімнен қандай көмек алуға болатыны, ақыл-кеңес сұраудың маңызы мен жолдары туралы пайдалы ақпарат алды. Ата-ана, мұғалім, дос, психолог – әрқайсысының орны қандай? Қиындықты жалғыз көтермей, көмекке жүгінудің жолдары қандай? Психологиялық қолдау мен сенімді орта қалыптастырудың маңызы туралы ақпарат алып, оқушылар өз ойларымен еркін бөлісіп, сұрақтарына жауап алды.Қатысқаны – 52 оқушы.
