Skip to content

31.01.2024ж. күні «Зерттеушілер онкүндігінің» аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні…

31.01.2024ж. күні «Зерттеушілер онкүндігінің» аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, директордың ОІМ зерттеуші-педагог Б.Боранғали «Білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтау және жою» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді.
Қазіргі таңда білім ошағындағы басты мәселе – үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізу барысында оқушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтау үшін алдымен зерттеу жүргізу қажет екенін айтты.Оқушылардың үлгермеуінің себептерін білу, оған әсер етуші басқа да факторларға назар аудару, нашар бағаға әкеп соқтыратын үлгермеуші оқушының себептерін анықтау керек екенін айта келе, білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша жұмыс жүргізу кезең-кезеңмен өткізілетінін түсіндірді.
Соңында пән мұғалімдері кері байланыс жасап, сұрақ-жауап барысында көкейлерінде жүрген ойларымен бөлісіп,тәжірибе алмасты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *