14.11.2025ж Мұнайлы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы подполковник Умиров Бекжан мектебіміздің жоғары сынып оқушыларымен ҚР Қорғаныс министрлігінің оқу орындары мен оларға түсу үшін қойылатын талаптар туралы әңгіме жүргізді.
Кездесу барысында оқушылар көптеген мағлұматтар алды және оларға сол оқу орындары жайлы бейнефильм көрсетілді. Кездесу қызықты және ұйымдасқан түрде өткізілді.





