“ҚОЛДАУ ӘРҚАШАН ЖАНЫҢДА: БАЛА ОНЛАЙН – ЗОРЛЫҚҚА ҰШЫРАҒАНДА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Әрбір бала интернетте кенеттен қорқыныш, үрей немесе түсінбеушілік туғанда өзіне көмектесе алатын қауіпсіздік шеңберін білуі қажет.
Мұндай жағдайлар кибербуллинг, мазалайтын хабарламалар, қысым көрсету, фото жіберуді талап ету немесе қоқан-лоқы секілді әрекеттер болуы мүмкін – мұндай сәттерде ешкім жалғыз қалмауы тиіс.
Қауіпсіздік шеңбері – бұл сенім артуға болатын адамдар мен қызметтер: отбасы, мұғалімдер, мектеп психологы, қолдау қызметтері және мемлекеттік органдар. Бұл туралы алғаш рет айту қорқынышты болса да, олар – тыңдайтын, сенетін және не істеу керектігін көрсетіп, көмектесетін жандар.
Көмек әрқашан жаныңда! Баланың жасай алатын ең батыл әрекеті – оны сұрау.
16 күндік белсенділік аясында балаларға қауіпсіздік шеңбері туралы айтып, осы жазбамен бөлісіңіз. Бұл тағы бір балаға – оның жалғыз емес екендігіне көмектеседі.
@munaily_bilim
@munaily_adistemelik
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
@mangystau_obl_adistemelik
@oqu_agartu_ministrligi
@cybercrime.kz
@munaily_polisia
@mangistaupd
@unicefkazakhstan
#зорлықзомбылыққажолжоқ #заңжәнетәртіп #балақауіпсіздігі #буллинг #кибербуллинг #16күнзорлықзомбылықсыз #қауіпсіздік
https://www.instagram.com/p/DRhTW1uCGrD/?igsh=bTljYTF5Z2VnZzNh






