📚📚📚 Аудандық «Кітап оқу тоқсаны» байқауының мектепішілік кезеңі өтті. Байқауға 12 педагог қатысты.
Байқау шарты Әбіш Кекілбаевтың «Бәйгеторы» повесінің мазмұнын меңгеру. Соған сәйкес тест тапсырмасы алынды.
📚 Мақсаты:
– Мұғалімдерге жазушы Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығын терең таныстыру;
– «Бәйгеторы» шығармасы арқылы тарихи сана, тіл байлығы мен көркем әдебиетке қызығушылықты арттыру;
– Кітап оқуға ынталандыру, ұстаздар арасында рухани байланысты нығайту.
📌 Байқау нәтижесіне сәйкес ең жоғары ұпайды 7 «в» сынып жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жексенбет Айнұр иеленіп, аудандық кезеңге жолдама алды.
Аудандық байқауға қатысушы әріптесімізге сәттілік пен жеңіс тілейміз! 💐💐💐 #kitapoqu_mng
