Skip to content

05.12.2025ж күні жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Зерттеушілер мен…

05.12.2025ж күні жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Зерттеушілер мен педагогикалық шәй» айдарының алғашқы шығарылымы ұйымдастырылды. Педагог-зерттеуші мұғалімдердің жас мамандармен тәлімгерлік жұмысы туралы сұхбат жүргізілді. Тәжірибе алмасу ,ой-пікір бөлісу мақсатында педагог-психологтарымыз және педагог-зерттеуші мұғалімдеріміз тренингтер, шеберлік сабақтар жүргізді.
Олар: педагог-психологтар Ағанияз Жансая,Сисенбаева Гаухар, АӘД мұғалімі Бекжанов Бақытжан «Психологиялық қолдау», тарих пәні мұғалімі Утесинова Баян Нөкеровна «Қосымша деректерді пайдалану» ,қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нұрмағанбетова Қания Смагуловна «Зерттеу жұмысына бағыттау» ,химия пәні мұғалімі Тлеумбетова Баян Калпакбаевна «Менторлық қолдау» және бастауыш сынып мұғалімі Нұғманова Гүлнар«Тәрбие жұмысын ұйымдастыру» тақырыптары айналасында ой бөлісті. Шара соңында физика пәні мұғалімі, ДИІЖО Отегенова Ақсырға Кенжегалиқызы «Мамандықтың мәні»тақырыбында коучингпен қорытындылады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *