Құрметті әріптестер – педагог-психологтар Гаухар Бақытқызы мен Жансая Абдуллақызы!
Сіздерді 25 желтоқсан – Педагог-психолог күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бүгінгі қоғамда сіздердің қызметтеріңіз ерекше маңызға ие. Оқушылардың жан дүниесін түсініп, оларды қолдап, рухани демеу болу – үлкен жауапкершілік пен кәсіби шеберлікті талап етеді.
Сіздердің мейірімге толы, парасатты еңбектеріңіз мектеп ұжымының бірлігін арттырып, балалардың болашағына бағыт-бағдар береді.
Шығармашылық табыс, мол қуат, әрдайым оң нәтижелер мен алғысқа толы еңбек күні болсын!
Отбасыларыңызға амандық, жүректеріңізге тыныштық тілейміз!
