Мектебімізде 1-сынып оқушыларының Әліппемен қоштасу кеші өтті! 📚✨
Бүлдіршіндеріміз алғашқы ұстаздарының жетекшілігімен оқуды үйреніп, білімге алғашқы қадамдарын нық басып, “Әліппемен” қоштасты. Мерекелік кеш барысында оқушылар тақпақ айтып, ән шырқап, би билеп, өз өнерлерін ортаға салды.
Бұл — тек қоштасу емес, білім жолындағы жаңа белестің бастамасы!
Құрметті ата-аналар, балаларыңыздың осы бір жарқын сәтіне куә болып, қолдау білдіргендеріңіз үшін алғыс білдіреміз!
1 “Г” сыныбы
Сынып жетекшісі Малбасова Нұржамал
📖 Қош бол, Әліппе!
✍️ Қош келдің, Ана тілі!
Балаларымыздың әрбір қадамы тек білімге толы болсын!
#ӘліппеменҚоштасу
#БілімБастамасы
#1сынып
#БалаБолашағымыз
