"Біртұтас тәрбие" жоспарының аясында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай "Біртұтас ел-біртұтас жер" қағидасын түсіндіру мен жеткізу мақсатында 19.02.2025 Мұнайлы ауданы мектеп оқушыларының "Ашық есік күні"Ақтау қаласында орналасқан 3205 әскери бөліміне 2 жалпы білім беретін мектептің 10 сынып оқушылары экскурсияға барды. Олар әскери бөлімінің тұрмыс тіршілігімен, сарбаздардың өмірі, әскери қызметімен танысты. Әскери бөлім басшылығы оқушыларды әскери техникамен, атыс қаруларының түрлерімен, олардың тактикалық- техникалық мінездемесімен таныстырып, олардың сұрақтарына жауап берді. Экскурсияға келген оқушыларға әскери бөлім командирі алғысын білдіріп, оларды жоғары әскери оқу орнына түсуге шақырды. Әскери бөлімге жасалған экскурсия қызықты және ұйымдастырылған түрде өткізілді.
@munaily_bilim
@munaily_adistemelik
