Skip to content

Дене шынықтыру педагогінің кәсіби құзіреттілігін арттыру бойынша 80 сағаттық курс…

Дене шынықтыру педагогінің кәсіби құзіреттілігін арттыру бойынша 80 сағаттық курс

Жақында «Дене шынықтыру педагогінің кәсіби құзіреттілігін арттыру» тақырыбында 80 сағаттық курсқа қатысып келдім. Курс барысында заманауи әдістер, тиімді оқыту технологиялары және дене тәрбиесі саласындағы жаңа тәсілдермен таныстым.

Алған білімімді жұмыс орнында әріптестеріммен бөлісіп, кері байланыс ұйымдастырдым. Әріптестеріммен тәжірибе алмасып, курста меңгерген әдіс-тәсілдерді талқылап, оларды сабақ үрдісіне енгізу жолдарын қарастырдық.

Бұл курс менің кәсіби дамуым үшін үлкен мүмкіндік болды. Алған тәжірибемді оқушылардың денсаулығын нығайтуға және олардың дене шынықтыру сабақтарына қызығушылығын арттыруға қолданамын.

Дамуға, үйренуге және білімді бөлісуге әрдайым дайын болайық!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *