Жоспар бойынша педагог – психолог Г.Сисенбаева "5 сынып дегеніміз не?" деген тақырыпта 5 сынып оқушыларына психологиялық тренинг жүргізілді.Мақсаты: оқушылардың өз – өздерін тануға, бастауыштан орта буынға өту кезіндегі алғашқы сезімдерін, көңіл – күйін, сыныптың ауызбіршілігін, сонымен қатар психикалық ерекшеліктерінің дұрыс қалыптасуына ықпалын тигізу. Қатысқаны – 48 оқушы. Тренинг барысында оқушылар орта буынға келген кезде қандай сезімде болғандығын, пән мұғалімдерімен қарым – қатынастары туралы өз ойларымен бөлісті.
