“Жасанды интеллектті сабақта пайдалану” тақырыбында мұғалімдерге арналған шеберлік сыныбы сәтті өтті.
Іс-шарада білім беру саласындағы заманауи технологиялар мен жасанды интеллекттің рөлі кеңінен талқыланды. Қатысушылар ЖИ құралдарының оқыту процесін қалай жеңілдететінін, оқушылардың үлгерімін жақсарту және жеке оқыту әдістерін қолдану арқылы оқыту сапасын арттыру жолдарын үйренді.
Шеберлік сыныбы барысында мұғалімдер ЖИ-ды сабақтарда қолданудың нақты мысалдарымен танысып, оны өз тәжірибелерінде тиімді пайдаланудың жолдарын меңгерді. Бұл іс-шара мұғалімдер үшін үлкен мүмкіндік болды және білім беруде инновациялық технологияларды қолдану бағытында маңызды қадам болып табылады.
