01.10.2024ж №2 жалпы білім беретін мектепте «Біз терроризмге қарсымыз» деген тақырыпта жоғары сынып оқушыларымен тәрбиелік іс-шара өткізілді.
Аталған шараға мектептің жоғары сынып оқушылары мен мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сугирбаева Арухан, алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні оқытушысы Бекжанов Бахытжан және басқа да пән мұғалімдері қатысты. АӘжТД пәні оқытушысы Бекжанов Бахытжан оқушыларға терроризм 21 ғасырдағы адамзатқа төнген ең қауіпті құбылыс екенін айтып, оның жақтаушыларының азаматтарды үрейлендіріп қорқыту арқылы адамдардың өміріне қауіп төндіру, жарылыстар жасау сияқты қылмыстық істерге баратындығын және дүние жүзіндегі болып жатқан аталған әрекеттердің негізгі себептерін түсіндірді.
Оқушылар терроризм туралы тереңірек түсініп, осы тақырып бойынша өздерін толғандырып жүрген сұрақтарға жауап алды. Мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сугирбаева Арухан өз шәкірттеріне терроризмнің мемлекеттің қоғамдық қауіпсіздігін бұзып, жазықсыз адамдардың мерт болып қылмыстың көбеюіне алып келетіндігін айта отырып, қазіргі кездегі түрлі әлеуметтік желілердегі осы бағыттағы арандатушылық әрекеттерге абай болуға шақырды. Тәрбиелік іс-шара оқушылардың белсенді қатысуымен ұйымдасқан түрде өткізілді.
