Skip to content

🏊🏻‍♂️🏊🏻‍♂️🏊🏻‍♂️Көбінесе адамның суға батып бара жатқанын фильмдегідей елестетеміз. Айқайлайды, қол…

🏊🏻‍♂️🏊🏻‍♂️🏊🏻‍♂️Көбінесе адамның суға батып бара жатқанын фильмдегідей елестетеміз. Айқайлайды, қол созып, көмек сұрайды деп ойлаймыз. Шындығында, суға батып бара жатқан адамның айқайлауға күші жетпеуі мүмкін. Осы ретте теңізге түсу кезінде қайғылы жағдайдың алдын алу үшін қандай ережелерді сақтау керек? Суға батып бара жатқан адамды қалай танып, құтқаруға болады?

– Демалыс орнын, теңіз жағалауын таңдайтын кезде мұқият зерттеңіз. Жағалауда құтқаруға арналған жабдықтардың болуына мән беріңіз;
– Әр шомылу орнында белгі болуы керек, ал демалушылар сол қалтқылардан аспауы керек. Сонымен қатар үрленген матрас, дөңгелекшелер мен маторлы қайық, жүзу құралдарымен жағажайдан алысқа жүзіп кетпеңіз;
– Ішімдік ішуден аулақ болыңыз;
– Суға шомылу мезгілінде балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
– Шомылуға жабдықталмаған және тыйым салынған жерлерде шомылмаңыз;
– Су айдындарын ластамаңыз;
– Егер адамның суға батып бара жатқанын көрсеңіз, онда дер кезінде құтқарушыларға хабарласыңыз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *