17.04.24ж күні мектебімізде «Әжелер тәлім-тәрбиенің қайнар көзі» тақырыбында аудандық Әжелер кездесуі ұйымдастырылды.
📌Мақсаты: Оқу үдерісінде ұлттық құндылықтармен тәлім-тәрбие беруді ұштастыру.
Негізі бала тәрбиесінде құндылық отбасында, ал құрал мектеп қабырғасында беріледі. Дегенмен де бүгінгі ұрпақтың кітап оқып білім алуға деген құштарлығы баяу болғандықтан ,аз да болса мектепте құндылықтарды беруде үлес қосуды жөн көрдік. Бұрынғы кезде Әжесі ұршық иіріп отырып ,немересіне ертегі айтатын, атасы аңыздан сыр шертетін. Әкесі кешке отырып ,баларына газет оқып беретін ,анасы қызымен бірге кесте тігетін. Осылайша отбасы мүшелері кешкі ас үстінде арқа-жарқа боп әңгімелесетін. Әңгімелесе отырып , жас баланың көкірегіне мейірім, махаббат, ар-ұят, ынсап , адамгершіліктің дәнін егіп жіберетін. Ал бүгінгі күні отбасы институты әлсіреді. Оның себебін бәріміз жақсы білеміз. Баланың көкірегін смартфондағы арзан әзіл-қалжың толтыра бастады. Баяғы ата- әжелер дәуірі келмеске кетуге жақын. Бірақ олардың көзі жоғалғанымен , сөзі сақталып қалды. Осы жобаны алғандағы мақсатымыз кішкене де болса , мектепте балалардың көкірегіне ізгіліктің дәнін егіп білім мен тәрбие беру болды.