ҚАЗАҚ БОЛМЫСЫ!
Қазақтың аманаты-Жер АНА
Құжаты -тасқа басылған тарихы!
Генетикалық коды-салт-дәстүрі!
Қазақтың панасы-ұлы даласы!
Қазақтың мәңгілігі-Ана тілі!
Ұраны –АЛАШ!
Қайсарлық символы –КӨК БӨРІ!
ЖАНЫ-арының садағасы!
Тамыры-ШЕЖІРЕСІ!
ТЕКТІЛІГІ-Жеті АТА
Киелісі –ШАҢЫРАҚ
Берекесі-Тайқазаны
Иманы-жүрегінде!
Бәсі-Тәукелінде!
Мінезі-сертінде!
Бары-қанағатында!
Құшағы-кеңдігінде!
Көңілі-Қонақжайлылығында!
Бет пішіні-иманжүзді!
Әділдігі-тура биінде!
Ырысы-киіз үйінде!
Күші-Бірлікте!
Сағынышы –жусанның иісінде!
Сырласы-табиғат!
Қазақтың үні-домбыра!
Ғажайыбы-күйінде!
Шаттығы-қара жорға биінде!
Келбеті-ұлттық киімінді!
Нышаны-ою-өрнегі!
Тағылымы-данасында!
Мейірімі-Анасында!
Еркелігі-баласында!
Қанаты-Тұлпары!
Байлығы-ұрпағы!
Салтанаты-тойында!
Алғысы-Батасында!
Думаны-Айтыс!
Өнері-жыр термесі,өлеңі!
Биіктігі-Хан тәңірі!
Өркениеттің белгісі-Алтын АДАМ!
Рухани ордасы-Түркістан!
Ғаламдағы орны-Қазақстан!
Қазақтың тәжі-Астана!
Ұлттық құндылықтары-Рухани иммунитет,
Рухани иммунитет-Қазақтың сауыты!