Skip to content

№2 жалпы білім беретін мектептің іргетасы қаланғанына 40 жыл толуын…

№2 жалпы білім беретін мектептің іргетасы қаланғанына 40 жыл толуын ерекше форматта “Сөз бен саз” бағдарламасымен атап өтті.
Мерейтойға, салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары С.Ноғаева, “Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Т.Байымбетова, Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Б.Демократұлы қатысып, мектептегі сапалы білімнің негізін қалаған білікті мұғалімдері марапатталды.
Мерейтойға арнайы шақырылған ардагер ұстаздар, мектептің бұрынғы түлектері білім ұясының қазіргі жетістіктеріне куә болды.
Шара соңында мектеп түлектері өз өнерлерін ортаға салып, көрермендердің ықыласына бөленді.
“Сөз бен саз” бағдарламасына демеушілік қолдарын созған 1987, 1988, 1989, 1990, 1991, 1992, 1996 жылғы түлектерге және К.Құрманов пен Ш.Нұрлаевқа мың алғыс!

#наурызнамамунайлы
#наурызнамамұнайлы

@munaily_adistemelik
@munaily_akimdigi
@munaily_bilim

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *