«Жақсы қыз – жағадағы құндыз»
Мұнайлы аудандық аурухана эпидемиолог дәрігері Әділбекқызы Зәмзәгүл мен аудандық психолог Тасполатова О.К,ДТЖО А.Муринованың қатысуымен 7-8 сынып қыздарына «Қызым үйде, қылығы түзде» тақырыбында мейірбекелермен кездесу өтті.
Мақсаты: қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани -адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту. Жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу.
