Желтоқсан айының 25-і күні 1"ә" сыныбында "Қош бол,сүйікті Әліппем!" атты мерекелік шара өтті. Кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған балақайлар бүгінгі күнде сауаттанып, оқып жазып, өлең жаттап би билейтін дәрежеге жетті. Мерекелік шараға мектеп директоры, оқу ісінің меңгерушісі, ұстаздар және ата-аналар қатысты. Шараның соңы Жаңа жыл мейрамымен ұласып, Аяз Ата мен Ақшақар келіп, қонжықтар балаларға сыйлықтар ұсынды. Ата-аналар қуанып балаларға ақ тілегін айтып, Ернардың атасы бата берді.
