Желтоқсан айының 25- ші жұлдызында 1 ”А” сыныбынды “Қош бол,сүйікті Әліппем!” атты мерекелік шара өтті. Осыдан 4 ай бұрын ата-аналары жетектеп 1-сынып табалдырығын аттатқан бүлдіршіндер бүгін сауат ашып, білім алып, мектеп сатысының бір кезеңін артқа қалдырды. Шараға ата-аналар, ұстаздар қатысты. Ән айтылып, би билеп балалар барлық өнерін көрсетті. Шара соңында ата-аналар ақ тілектерін айтып, жылы лебіздерін білдірді.
Сынып жетекшісі:Бармухамбетова Сағира
