Мектеп кітапханасына мектебіміздің түлегі Құрбан Мөлдірдің бастауымен қор ашылып, «Ауылға кітап» жобасы бойынша 50 кітап сыйға тартылды. Бұл жоба «Kitapal»компаниясының бастауы. Бастапқыда тек 100 ауылға кітап жеткіземіз деп мақсат қойған. Қәзіргі таңда 130-дан асып кетті. Мақсаты: Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру. Әрине білімнің нәтижесін бүгін-ертең көретін нәрсе емес. Ол жылдар, ғасырлар бойы қалыптасатын процесс. Дәл осылай тәуелсіз елде, өз тілімізде сөйлей алуымыз үшін 100 жыл бұрын Алаш зиялылары күресіп, еңбек жазып, ұрпақтарына дейін құрбан болды. Сондықтан оқушылар ертеңгі біздің болашағымыз. Артық білім кітапта демекші, дұрыс ойлауды тек кітап оқу арқылы қалыптастыруға болады. Құрбан Мөлдірге және де барлық ат салысқан Ақтөбе тұрғындарына, Қызыл төбе ауыл тұрғындарына, кәсіпкерлерге, ұстазы Шотқара Әселге алғысымыз шексіз. Жұлдыздарыңыз жоғары, еңбектеріңіз бағалы, мерейлеріңіз үстем болсын!
@kitapal.kz
