Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы. Тәуелсіз – әлемдегі ең құдіретті сөз. Ел еркіндігі. Қазақстан Тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына 32 жыл. Осы уақыт аралығында Қазақстан әлемде жеке дара дербес ел екенін дәлелдей білді. Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды.
Осы орайда 1 сынып бірлестігі "Тәуелсіз-байтақ елім" атты мәнерлеп оқу сайысын өткізді.
Сайысқа әр 1 сыныптардан 2 оқушыдан шығып Тәуелсіздік туралы жыр шумақтарын мәнерлеп оқып берді.
Жүлделі орынға 1"ә" сыныбының оқушысы Оразбай Айзере мен 1"б" сыныбының оқушылары Насырова Алия,Қайратова Аружан сахналық көріністерімен 1- орынға ие болды.
1 – сынып бірлестігі барлық мектепшілік іс- шараларды жауапкершілікпен өткізеді.
Тәуелсіздік құтты болсын, елімізде тек тыныштық болсын, балапандарымыз аман болсын!
