30.11.2023 ж Қызылтөбе селосында орналасқан 2 мектепте Тәуелсіздік мерекесі мен Қызылтөбе селосының 50 жылдық мерекесіне орай, “Германиядағы Кеңес әскерлері мен Варшава келісімі шарты елдері әскері тобы” Ардагерлері”(ГКӘТ, ВКШӘТ) Республикалық қоғамдық ұйымының Маңғыстау облысындағы филиалы бастығы Т.Малдибаев бастаған ардагерлерімен кездесу өткізілді. Кездесу барысында ардагерлерге оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, олар өздерінің әскери қызмет еткен кездегі қызықты оқиғалары туралы айтып берді. Сонымен бірге Қызылтөбе елді мекенінің еңбек ардагерлерінің төрағасы Жұпбанов Қыдырбай сөз сөйлеп, жастарды білім алуға, Отанды әрқашан қорғауға дайын болуға шақырды. Кездесу соңында бұл шараға қатысқан мектеп ұжымы бастығының міндетін уақытша атқарушы Боранғали Бақтыгүл Алғыс хатпен марапатталды.
Мектептің АӘжТД оқытушы- ұйымдастырушысы Бекжанов Бахытжан да Алғыс хатпен марапатталып, оған “ГСВГ” төс белгісі табыс етілді.
Кездесу ұйымдасқан түрде және қызықты болып өткізілді.
#біртұтастәрбие
@munaily_bilim
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy