Skip to content

27.11.23ж күні «№2 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің жетекші және…

27.11.23ж күні «№2 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің жетекші және серіктес мектептермен жүргізілетін жұмыс жоспары бойынша
«Мектепке дейінгі және бастауыш мектеп» тақырыбында
әдістемелік семинар ұйымдастырылды.
Мектеп әкімшілгінің семинарды ашып беруімен арықарай жұмыстар жалғасты:
Қызылтөбе лицейінің психологы Кожакулова Меруерт Тасбулатовна тренинг өткізді;
№2 мектеп бастауыш сынып мұғалімі Темирбаева П.Ж, МАД тобы мұғалімі Абдалова З «Мектепке дейінгі және бастауыш сынып арасындағы сауат ашу мен әліппе пәндері сабақтастығы» тақырыбында кіріктірілген сабақ өткізді;
№4 мектеп бастауыш сынып мұғалімдері Карубаева А, Жаманшаева Ү «Бастауыш сынып оқушыларының зейінін, есте сақтау қабілетін дамыту жолдары» тақырыбында кіріктірілген сабақ;
Бармуханбетова С бастауыш сынып мұғалімі, Мамаева М МАД тобы мұғалімі «Мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш сыныпта математиканы оқытудың ерекшеліктері мен математикалық сабақтастығы»тақырыбында;
№4 мектеп бастауыш сынып мұғалімдері Кульжиманова А.Д ,Адильханова Р.Д «МАД және бастауыш сынып оқушыларының танымдық және оқу әрекетін ойын арқылы дамыту»тақырыбында кіріктірілген сабақтар ұйымдастырып өткізу арқылы мұғалімдер өзара тәжірибе алмасты.
Семинар соңында кері байланыс жүргізіліп нәтижелі жұмыстың болғаны айқындалды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *