2023 жылдың қыркүйек айының 2 жұлдызы күні мектебімізде “Буллинг-оқушы, қамқор ата-ана: Зорлық зомбылықпен қалай күресу керек?” тақырыбында аудандық теория-практикалық семинар өтті.
•Мақсаты: балаға қатысты зорлық- зомбылық жағдайы және оның айналасында мінез-құлықтарының позитивті тұрақты өзгерістері бойынша мектептегі қауіпсіздіктің алдын-алуда командалық жұмысты жүргізуді жолға қоюды үйрету және әдістемелік көмек беру;
•Барлығы 50 жуық қатысушы: тәрбие жөніндегі орынбасарлар мен педагог- психологтар, ата-аналар, сынып жетекшілер қатысты.
•Семинар барысында сыныпта буллинг пен кибербуллингті болдырмау мен алдын алуда ата-ананың рөлі, балалардың ғаламтор желісінегі қауіпсіздік мінез- құлқы арқылы жәбірленудің алдын-алу, баланың жәбірлеудің (буллингтің ) профилактикасы қағидалары 2022 жылғы 21 желтоқсандағы #506 бұйрықпен жұмыс жасаудың бағыттары туралы іс- тәжірибелерімен бөлісті.
•Аталған семинардан кейін барлық жалпы білім беру ұйымдарында кері байланыс өткізу ұсынысы берілді.