12.05.2023 күні №2 жалпы білім беретін мектепте "Төтенше жағдайлар кезіндегі қимыл-әдістер алгоритмі" деген тақырыпта, алдымен мектептің басшылық құрамымен, одан соң мұғалімдер және техникалық қызметкерлермен төтенше жағдайлар кезіндегі қимыл- әдістер реттілігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Осы тақырыпты мұғалімдер өз сыныптарымен талқылап, оқушылардың қауіпсіздік шараларын сақтап қимыл- әдістерді дұрыс орындауын түсіндірді.
Аталған шаралардың қорытындысы ретінде мектеп бойынша "Дабыл" жүйесі қосылып, бүкіл мектеп ұжымы оқушылармен бірге төтенше жағдайлар кезіндегі қимыл-әдістерді пысықтап, оқу- жаттығу өткізді. Оқу-жаттығу қауіпсіздік шаралары сақтала отырып, ұйымдасқан түрде өткізілді.
@munaily_bilim
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
