Ағымдағы жылдың 20.04.2023 жылы мектебімізде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының ұйымдастыруымен «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында 7-8-9 сынып қыздарымен жиналыс өткізілді. Бұл жиналысқа Мұнайлы ауданы бойынша ювенолог маман – А.К.Аметова мен психолог –А.Т.Абиева қатысып, қыздардың бойында болатын ағзадағы физиологиялық өзгерістер туралы баяндай отырып, ерте жүктіліктің алдын алу жөнінде кеңес берді. Жиналыста жас жеткіншектер арасындағы ерте жүктілікті алдын алу және жастардың тәрбиесі,қоғам тәрбиесі жайлы жалпы түсінік жұмыстары жүргізілді.
@munaily_bilim
@munaily_bilim
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy