🌳🌱☘️🍃
Бүгін мектеп басшысы Бердіхан Кұлбергенұлымен мектебіміздің 39-түлектері ауылымыздың саябағына тал егіп, ауылдың гүлденуіне өз үлестерін қосты. Балаларды еңбекке баулу әр ата-ананың міндеті. Әрбір ауылымыздың тұрғындары саябағымыздың гүлденуіне мән берсе, әрине нұр үстіне нұр болар еді.
