5 "А" сынып оқушысы Құралбай Асылжан алғашқы ұстазы Арыкбаева Светлана Жайлыбаевнаға алғысын айтады.
Алғашқы ұстаз!
Сен маған қымбаттысың,
Сені талай шәкіртің жырлапты шын.
Сен мен үшін ұлы да, ұлағатты
Сен мен үшін бәрінен сымбаттысың.
Алғашқы ұстаз!
Сен маған сүйіктісің,
Өзге жанның бәрінен биікпісің?!
Ұлы өмірге сен қадам бастырған соң
Талай шәкірт өзіңді сүйіпті шын.
Алғашқы ұстаз!
Сен маған ардақтысың,
Сен бәрінен ақылды, салмақтысың.
Шәкірттерің жан-жаққа қанат қағып,
Өзің мәңгі мектепте қалмақпысың?!.
Үйреттің Сен
Өмірдің ақ-қарасын,
Білгеніңді шәкіртке ақтарасың.
Біздер үшін ұстаз боп, ұлы адам боп
Жүректерде мәңгілік сақталасың!