02.02.2023ж күні мектепішілік "Өзін-өзі басқару ұйымы" слеті өтті. 8-10 сынып фракциялары қатысты.
Мақсаты: Әрбір фракция мақсат, ереже, міндеттерін түсіндіру. Отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Құқықтық сауаттылық туралы.
Слеттің барысы:
1. Фракциялар өздерін таныстыру.
2. Квест.
3. "Қазақтың жоғалып бара жатқан құндылықтары" постер қорғау.
4. Көрініс тақырыбы :
"Тәртібіңмен құқығың тұлғалықтың айнасы"
Жарыс соңында жеңімпаз фракциялар дипломдармен марапатталды.
Бас жүлде – “Құқық және тәртіп фракциясы”
1-орын – “Спорт және СӨС фракциясы”
2-орын – “Экология және еңбек фракциясы”
3-орын – Қамқорлық фракциясы”
“Өзін-өзі тану және бақыт фракциясы”
“Дебат фракциясы”
Қатысқаны үшін номинациясы – “Мәдениет және өнер фракциясы” және “Ақпарат фракциясы” иеленді.