Ташов Мади Қалашұлы – білікті басшы, ұстаз ғана емес, ел арасында беделді, абыройлы ер – азамат. Білікті басшының аз жылдар ішіндегі жетістіктері, мектебіміздің көркеюіне қосқан еңбегін бүкіл мектеп ұжымы мен ауыл тұрғындары жақсы біледі.
Мәди Қалашұлы білім ордамызда азғана уақыт қызмет атқарса да, артынан болашақ ұрпаққа үлгі болар, игі істерінің қалғанын мақтанышпен айта аламыз. "Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады" демекші, білікті басшы, шығармашыл тұлға, ұжым мақтанышы. Сондықтан, білім сапасының артуына өз үлесін қосып, талмай-қажымай еңбек етіп келе жатқан Мәди Қалашұлы өз тұғырынан түспей, әлі де біраз белесті бағындыра беретініне сеніміміз мол.
Мерейіңіз үстем болсын!
@tashovmadi
@batyr5882
@munaily_bilim
