Skip to content

07.09.2022 жылы №2 жалпы білім беретін мектептің 10 сынып оқушыларының…

07.09.2022 жылы №2 жалпы білім беретін мектептің 10 сынып оқушыларының ұлдары Ақтау қаласынан 23 шақырым жерде орналасқан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы Күштеріне қарайтын 51809 әскери бөліміне жоспар бойынша әскери бөлімдерде өткізілетін "Ашық есік күні" шеңберінде балаларға әскери қызмет туралы түсінік бере отырып,оларды патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында экскурсияға барды. Кездесу барысында оқушылар сарбаздардың өмірімен танысып, оларға сұрақтар қойып, әскери бөлімнің ашылу тарихы туралы мағлұмат алды. Оқушыларды мектептің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні ұйымдастырушысы запастағы капитан Бекжанов Бахытжан мен мектеп инспекторы полиция капитаны Тәжібаева Нұржамал бастап алып барды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *