Құдабаев Ахмет Досмухамбеұлы түлектерімізге арнап өлең шумақтарын оқыды.
Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,
Зейнет емес бейнеттен арылмаған.
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,
Қариялар өзіңді ел сыйлаған.
Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ардагерлеріміздің орны ерекше. Мектебіміздегі жас мұғалімдер мен ардагер ұстаздардың қатысуымен 11 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!» тақырыбындағы мерекелік шара өтті.
Шараның мақсаты: Білім беру саласындағы ұзақ жылғы жемісті еңбектері және жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде біраз жетістіктерге жеткен аяулы ардагер ұстаздарымызға құрмет көрсету
@munaily_bilim
@mangystau_education
@mangistau_umco
@tashovmadi
#балаларжылы2022