Skip to content

🎊 Оқу-ағарту министрлігі «Ұстазыңды құттықта!» челленджін жариялайды 🛎️ Еліміз бойынша…

🎊 Оқу-ағарту министрлігі «Ұстазыңды құттықта!» челленджін жариялайды

🛎️ Еліміз бойынша 25 қыркүйек пен 5 қазан аралығында «Ұстаз – ұлт шамшырағы» онкүндігі өтеді. Оның аясында өңірлерде күн сайын педагогтерге арналған мерекелік және тақырыптық іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл бастама педагог мәртебесін көтеруге, ұстаз мамандығын кеңінен насихаттауға, оның қоғамдағы ерекше рөлін баса көрсетуге бағытталған.

💡 Ұстаздық – мамандық қана емес, ұлы миссия. Педагогтер өскелең ұрпақты тәрбиелеп, ұлттың зияткерлік әлеуетін қалыптастырады, әр баланың өз жолын табуына көмектеседі. Қазіргі таңда еліміздегі 22 мыңнан аса білім беру ұйымында 6 миллионға жуық оқушыға 600 мыңнан астам педагог білім беруде.

⚜️ Оқу-ағарту министрлігі «Ұстаз – ұлт шамшырағы» онкүндігі аясында «Ұстазыңды құттықта!» челленджін жариялайды. Бұл шараның мақсаты әр балаға тәлім мен тәрбие, өнеге берген, оның тұлғалық қалыптасуына үлес қосқан ұстазға алғыс пен құрмет сезімін білдіру.

✅ Челленджге барлық ниет білдіруші қосыла алады, ол үшін:

• әлеуметтік желілерде #Ұстазыңдықұттықта #ПоздравьУчителя хэштегтерімен құттықтау жариялаңыз;
• өз ұстазыңызға қоңырау шалып, жылы лебізіңізді білдіріңіз;
• құттықтау хатын жіберіп, естеліктермен бөлісіңіз.

🖇️ Еске сала кетейік, 2023 жылдан бері Қазақстанда Ұстаздар күні ресми түрде 5 қазанда атап өтіледі. Бұл күні еліміздің түкпір-түпірінде ұстаз еңбегін ұлықтауға арналған әртүрлі мерекелік шаралар өтеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *