№2 жалпы білім беретін мектепте 08.10.2025 жылы “Біз терроризмге қарсымыз!” деген тақырыпта жоғары сынып оқушыларымен тәрбие сағаты өткізілді. Мектептің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Муринова Айсұлу мен АӘжТД пәні оқытушысы Бекжанов Бахытжан оқушыларға терроризмнің қоғамдағы қауіпті дерт екенін түсіндіріп, оның шығу себептерін айтып өтті. Аталған тақырып бойынша оқушылар өздерінің сұрақтарын қойып, жаувптарын алды.Осыдан соң оқушыларға терроризм туралы бейнефильм көрсетілді. Тәрбие сағаты оқушылар мен ұстаздардың белсенділігімен ұйымдасқан түрде өткізілді.


