Ананың ізін қыз басар…
Ерте жүктілік мәселесінің бір ұшы қыз баланың бұйығылығында, анамен арадағы психологиялық қарым- қатынаста жатыр. Отбасындағы сүреңсіз, көңілсіз тірлік, әкесі мен анасының тіл табыспауы, мейірімнің аздығы, өкінішке орай, қыз баланы көшеге итермелейді. Отбасынан таппаған жылуды басқадан іздейді.Бұны балаларымыздың өздері айтып отыр.
Қызылтөбе ауылындағы 2 жалпы білім беретін мектепте өткен аналар жиынында осы мәселе айтылды. Психологтың дәйекті әңгімесі аналарды ойға қалдырды. Басқа ауылдардан байқалмаған бір ерекшелік – аналар жиналысына ауылдың учаскелік полицейі өз қалауымен сұранып келді. Ол өзі де ана болғандықтан ба, мәселеге және қыз баланың болашағына аса жауапкершілікпен қарайтынын жеткізді. Бірнеше ауылды қатар қамтитынына, уақытының санаулы екеніне қарамастан, қыздар жиналысында да, аналармен өткен жиында да тапжылмастан отырып, көп нәрсені ұғындырды. Шыны керек, "қатыссам бола ма?" деп өз ниетімен келгенде, бізге біртүрлі таңсық көрінді. Әдетте бұндай қызметкерлерден басқа әрекет күтеміз ғой… Біз бұл ниетке шын мәнінде қуанып қалдық. Әр маман иесі өз қызметіне осындай жауапкершілікпен қараса, бәрі де дұрыс болар ма еді деген ойда болдық.
Маңғыстау Облысының Білім Басқармасы
Гражданский Альянс Мангистауской области
@munaily_bilim
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy