АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!
Құрметті ата-аналар!
№2 жалпы білім беретін мектеп директоры ретінде сіздердің назарларыңызды алдағы Жаңа жыл мерекесіне байланысты маңызды мәселеге аударғым келеді.
Мектеп аумағында және оқу-тәрбие процесіне қатысты ата-аналардан немесе оқушылардан ақша жинауға, түрлі мерекелік іс-шаралар мен қойылымдарға қаржы бөлуді талап етуге, сондай-ақ сыйлық беру немесе заңсыз сыйлық алу әрекеттеріне жол берілмейтінін қатаң түрде ескертемін. Мұндай әрекеттер қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын хабарлаймын.
Мектептің негізгі мақсаты — әрбір баланың жан-жақты дамуына жағдай жасап, сапалы білім мен саналы тәрбие беру. Осы жолда ұстаз бен ата-ана бірлесе әрекет етіп, ұлттық құндылықтарды қадірлейтін, білімді де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелейік!

